Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде бесінші қабаттан әйел құлады

Абай облысының орталығында бесінші қабаттан әйел құлады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 343-квартал ауданындағы 5-қабаттан әйелдің құлау фактісі бойынша Затон полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button