ШҚОҚоғамТОП

Тек Ереже бойынша

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті полиция қызметі басқармасының бастамасымен жас инспекторлар арасында «АВС» онлайн викторинасы өткізілді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас тәртіп сақшыларының назарына жол белгілерінің, бағдаршам нысандарының, сондай-ақ автомобильдерді ойлап табушылардың тарихы туралы сұрақтар ұсынылды. ШҚО ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Нұриевтің айтуынша, балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін іс-шараның негізгі мақсаты –  жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың жол-көлік жарақаттарын алдын алу мәселелерімен қоғамды хабардар ету.

Онлайн викторинаға 500-ден астам жас қозғалыс инспекторлары қатысты. Балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу шарасы «Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде жүргізілді.

 

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button