Covid-19ШҚОТОП

ШҚО-да мониторингтік топтар жұмысы жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысында аумағында қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханаларда және ойын-сауық мекемелерінде шектеу шараларын сақтау бойынша мониторингтік топтар жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Semey News.

14 мамырда Семей қаласында мониторингтік топтармен 298 нысанға тексеру жүргізілді. Соның ішінде күнделікті мониторинпен “жылу картасына” кіретін 291 нысан қамтылды. 5 бұзушылық (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режімді бұзу) анықталды. Сомасы 379 210 теңгені құрайтын 3 хаттама толтырылды. 87 510 теңгені құрайтын 2 айыппұл өндірілді.

Курчатов қаласы бойынша 29 кәсіпкерлік нысандары тексерілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бесқарағай ауданында мониторингтік топ 6 тексеру жүргізді, 21 нысан қамтылды.

Сондай-ақ, санитарлық талаптарды сақтау бойынша мониторингтер Абай, Аягөз, Зайсан, Күршім және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

Semey News.

 

Осы айдарда

Back to top button