Абай облысыҚоғамСемейТОП

“Халық қатысатын ,юджет” жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

Қалалық әкімдік ғимаратында қоғамдық кеңес мүшелері мен Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшылары бірлесіп «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында кеңес өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Комиссия төрағасы Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов тұрғындардың талап-тілегін орындау маңызды екенін атап өтіп, жобаның өзектілігіне баса назар аудару керек деп айтты. Семей қаласы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсына тұрғындар тарапынан 27 жоба келіп түсті.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы – бұл жергілікті тұрғындардың қаланы көріктендіруге, абаттандыру, жолжиектерін, пандустарды орнату сынды жұмыстарға қатысуы. Халықпен ұсынылған жобалар арнайы сарапшылардан құрылған комиссиямен қаралады. Атап айтқанда, тұрғындардың қаланы абаттандыруда жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндігі бар.

Семей қаласы әкімі аппаратының жанынан құрылған Сараптамалық кеңестің болжамды отырысы кеше өткізіліп, жобалар сарапталды. Нәтижесінде 18 жоба әлі де қарастыруды қажет етеді. 2 жоба «Халық қатысатын бюджет» жобасының ережесінің талабына сәйкес келмегендіктен кері қайтарылды. 7 жоба қабылданды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button