Семей қаласы сайлауға дайын

Семей қаласының сайлау учаскелері ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізуге дайын, – деп хабарлайды Semeynews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау күні қалада 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді деп жоспарлануда. Оның ішінде -19 жабық сайлау учаскесі.Жабық сайлау учаскелері – қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және т. б. азаматтар үшін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады. Айта кетейік, Семей қаласындағы сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген.
Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді Семей қаласы әкімдігінің сайтынан біле аласыз.
Сайлау туралы анықтама телефондары: 8 (7222) 52-21-36; 8 (7222) 56-50-42.
Semeynews.kz