Абай облысында Рамазан айының әр аптасында “Жақсылық жұмасы” акциясы өтеді

Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті болып саналатын, ерекше мол сауап пен мүмкіндіктер беретін қасиетті Рамазан айы не екенін айтып, қасиетті айда өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен кеңесіп, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, биыл Рамазан айын өткізу тәртібі туралы жалпы шешім қабылдады.
- Биыл қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт мерекесі – 21 сәуір. Биылғы жылы қайырымдылық 535 теңге көлемінде бекітілді. Пітір мөлшері ел бойынша екі келі ұнның жалпы бағасына негізделген, – деді имам.
Қайырымдылық елдегі барлық мешіттерде немесе мобильді банкинг арқылы берілуі мүмкін.
Абай облысында Рамазан айының әр аптасында “Жақсылық жұмасы” акциясы өтеді. Сатылатын өнімдер мен тауарларды халыққа 10-15 пайыз төмен бағамен сатуды ұйымдастыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға алдын-ала жасалған тізім бойынша азық-түлік таратылады. Ол үшін тұрғындар мешіт қызметкерлеріне жүгінуі керек.
Мешіттерде “Рамазан тәтті” акциясы бойынша ауызашар мен балаларға тәттілер таратылады.
Semeynews.kz