Абай облысының құрылуы – тарихи әділеттіліктің салтанат құруы

Бүгін, 16 наурыз Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауына бір жыл болды. Жолдауда Президент Абай облысын құруды және оның әкімшілік орталығын Семей қаласы деп бекітуді ұсынды. Нәтижесінде, тарихи оқиға – Абай облысы құрылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыс мәртебесінің берілуімен бірге өңірдің даму деңгейі де көтеріледі, қаражат пен ресурстарды көбірек бағыттауға мүмкіндік береді.
2022 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Абай облысында болып, өңір жұртшылығымен кездесті. Облыс мәртебесін қайтару өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беріп, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетінін айтты.
Мемлекет Басшысының ұсынысынан бір жылдан кейін Абай облысында атқарылған істерге қысқаша тоқталсақ.
Semeynews.kz