СемейТОП

Семейде екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Семей қаласындағы Абай көшесінде екі көлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 мамырда сағат 16:35 шамасында болған. Абай көшесімен келе жатқан «ВАЗ-2110» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі алдындағы автокөлікке соғылмас үшін қарсы жолаққа шығып кетіп, «Lada хray» көлігімен бетпе-бет соқтығысты.

«Жол апатының салдарынан «Lada хray» көлігінің жүргізушісіне дәрігерлердің көмегі қажет болды. Ер адамға амбулаториялық ем тағайындалған. Ал «ВАЗ-2110» автокөлігін тізгіндеген қала тұрғыны мидың шайқалуы диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскемен қаласында ұрланған көліктің апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button