Сайлау
Кандидат Асет Матаев үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде
№1 бірмандаттық сайлау округі бойынша Respublica партиясы атынан Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Асет Матаев үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізе бастады.
Ол өзіне қарасты округте «Есіктен есікке» акциясын ұйымдастырып сайлауалды бағдарламасын таныстыруда.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен кездесіп, үлкендердің батасын алды.
Айта кетейік, кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында халықтың әл-ауқатын жақсарту мен бірқатар шараларды қолға алуды жоспарлап отыр.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді