БілімСемейТОП

Ринат Еркінбек, үздіктер қатарында

Ринат Еркінбек «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Semey News.

Ринат Еркінбек Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сыныбында білім алуда. Жуырда ол дәстүрлі «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми байқауында жеңімпаз атанды. Байқау Мәскеу қаласында өткізіліп тұратын. Биыл қашықтықтан ұйымдастырылды.

Ғылым бәйгесінің «Табиғаттағы және қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері» секциясында бақ сынаған мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері арасында шәкіртіміз суырылып алға шықты.

Ринаттың «Биогаз қондырғысын бағдарламалау мен модельдеуде математикалық функцияларды қолдану» тақырыбындағы еңбегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, І орынды жеңіп алды.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button