

Семейде Шәкәрім университетінің студенттік театры болашақ мамандардың қалай қалыптасатыны жөнінде музыкалық спектакль ұсынды. 2012 жылғы “Мазасыз маусым” шығармасы желісімен қойылған қойылымда студенттік өмірдің мән-мағынасы көрініс тапқан. Спектакльдің идеясы-көрерменге студенттік жылдарды құр босқа өткізбей, өз мүддесі мен болашағының игілігіне бағыттау маңыздылығын көрсету болып табылады. Бұл арқылы авторлар жастардың оқуға деген ынтасын оятып, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылдырмақ.
– Семей – ақын жазушылар дүниеге келген мұражайлар мен театрлардың қаласы. Ұлылардың ізін жалғастыру біздің басты мақсатымыз. Елде болып жатқан жағдайды ескере отырып, Шәкәрім университетінің “Қаракөз” Жастар театрының бастамасымен 2012 жылғы шығармалардың біріне спектакль ұсындық. Оның басты идеясы – студенттік жылдардың қызығы мен шыжығын көрсету. Барлық кейіпкерлер шешуші сәтте белгілі бір салаларда жетістікке жетеді. Спектакльдің идеясы – жастарды оқуға және өз мақсаттарына жетуге ынталандыру, – дейді жазушы, “Мазасыз маусым” туындысының авторы Қуат Қиықбай.
Semey News.