
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаржаубайұлы көшесі бойындағы тұрғын үй ауласына жылан кіріп кеткен. Үй тұрғындары дереу құтқару қызметіне хабарласқан.
«Жедел-құтқару отрядының қызметкерлері келіп ілмек көмегімен жыланды ұстап, содан кейін оны табиғи мекеніне жіберді», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Semey News.