Абай облысыҚоғамСемейТОП

Курчатовқа ғылым қаласы мәртебесін беру мәселесі күн тәртібінде тұр

Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Курчатов қаласының тұрындарымен кездесуі барысында айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан көтерген мәселелердің көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыруға қатысты болды.

Мәселен, қала тұрғындары сөз қозғаған жол жөндеу мәселесін шешу үшін алдымен жобалық-сметалық құжаттаманы жасау қажет.

  • Жол мәселесін шешеміз. ЖСҚ дайындаңыздар, – деп түйіндеді сөзін Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысы Курчатовты ғылым қаласына айналдыру жоспары күшінде екенін қосты.

  • Курчатов өте әдемі, ықшам қала. Біз мұнда ғылыми қала салу жоспары әлі де жоспарда. Осының бәрі орындалып, қала әлі де дамитын болады, – деп түйіндеді сөзін Нұрлан Ұранхаев.

Бүгін де Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Курчатов қаласының азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қала тұрғындары қоғамдық көлік пен жол мәселесіне қатысты сауалдар қойды. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті тапсырмалар берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button