Семей тұруға ең қолайлы қалалар рейтингінде соңғы орынға ие болды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Экономикалық зерттеулер институты (ERI) Қазақстанның 25 қаласында “Экономика және бизнес”, “Адами ресурстар” және “Инфрақұрылым” үш факторға негізделген өмір сапасының ұлттық рейтингін жариялады, – деп хабарлайды Semeynews.kz “Седьмой” ақпараттық порталына сілтеме жасап.
89 көрсеткіш талданды, оның 53-і статистикалық, ал 36-сы қала тұрғындарының онлайн сауалнамасынан алынды. Қалалардағы жалақылар үлкен алшақтыққа ие.
Ең жоғары көрсеткіштер өнеркәсіптік қалаларда, батыс өңірлердің облыс орталықтарында және Астана мен Алматыда байқалды.
Өмір сүру үшін ең қымбат қалалар: Жаңаөзен, Астана және Риддер, ал арзандары – Түркістан, Ақтөбе және Орал.
Жалдамалы жұмысшылар санына қатысты ең үлкен жұмыссыздық Түркістанда, ал ең аз жұмыссыздық Жаңаөзенде байқалды.
Зерттеу нәтижелері бойынша өмір сапасының ең жоғары рейтингі Астана, Атырау және Алматы қалаларында, ал ең төменгісі – Жезқазқан, Сәтбаев және Семей қалаларында болды.
Semeynews.kz