KAZ Minerals ішкі нарықты қолдайды
KAZ Minerals ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және қазақстандық кәсіпорындармен үшжақты келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес компания қосымша құны бар өнімдерді одан әрі өндіру үшін оларды катодты мыспен қамтамасыз етеді. Осы арқылы Топ ішкі нарықтағы тұтынушыларға жүйелі қолдау көрсетуді жалғастырады.
Келісім 4 жылға жасалды және катодты мысты үш компанияға, яғни, “Қазэлектромаш” ЖШС (Семей), “ЗОЦМ” АҚ (Балқаш) және “ҮМЗ” АҚ (Өскемен) жеткізуді көздейді.
“Біз отандық қайта өңдеу өнеркәсібін қолдау және дамыту жөніндегі үкіметтің қадамдарын қолдаймыз. Осы шаралардың Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығын түсіне отырып, бұрынғыдай осы процеске белсенді қатысуға дайын екенімізді растаймыз”, – деді “KAZ Minerals Management” ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.
Semeynews.kz