Айдос Қасымов – Respublica партиясынан Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Айдос Құрманғазыұлы Қасымов, №10 сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа депутаттыққа кандидат.
Ол Көкпекті ауданы Қарағандыкөл ауылының тумасы.
2001 – 2005 жылдары жоғары оқу орнында қаржыгер мамандығы бойынша білім алды.
2005 жылдан бастап банк саласында жұмыс істейді.
2006 – 2013 жылдары жеке кәсіпорында сауда өкілінен қаржы директорына дейінгі жолдан өтті.
2014-2017 жылдары ЖШС директоры.
2017 жылдан бастап жеке кәсіпкер болып табылады. Қазіргі уақытта жүзге жуық адамды жұмыспен қамтуда.
“Мен ауылда туып-өстім. Мен ауыл өмірімен жақсы таныспын және ауылдағы өзекті мәселелер туралы жақсы білемін.
Менің ұраным: “Ер екі сөйлемейді”, «Арық сөйлеп, семіз шық» – дейді кандидат.
Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Semeynews.kz