Бірінші – Нұрсағатов: Абай облыс әкімдерінің рейтингін жарияланды
Ақпан айының қорытындысы бойынша әлеуметтік желілердегі белсенділік бойынша әкімдердің рейтингі жарияланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz 018.kz-ке сілтеме жасап.
Рейтингтің бірінші орны Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовқа бұйырды.
Екінші орында – Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров тұр.
Көшбасшылар үштігін Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов аяқтайды.
Абай ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімов төртінші орынға ие болды.
Көкпекті ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев бесінші болды.
Үржар ауданының басшысы Нұржан Тоқсеитов рейтингте алтыншы орынға ие болды.
Рейтингтің жетінші қатарында Ақсуат ауданының әкімі Асхат Смайылов тұр
Бородулиха ауданының басшысы Ахметқали Нұрғожин сегізінші орынды иеленді.
Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ермақов тоғызыншы болды.
Рейтингтің соңғы, оныншы орны Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунковқа бұйырды.
Semeynews.kz