Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қала тұрғындарын жеке сұрақтар бойынша қабылдады

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қала тұрғындарын кезекті мәрте жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Бұл жолы қала әкімінің қабылдауында болған тұрғындардың басым бөлігі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты сұрақтарын қойды, – деп хабарлайды Semeynews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, Альфия есімді азаматша өзі тұратын Мәңгілік ел 15 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді, аула аумағына қоршау мен жол белгілерін орнатуды сұрады.

”Біз биыл қаланың әртүрлі ауданындағы 32 үйдің қасбетіне жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Мәңгілік ел 15 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті сол тізімге енгізілді. Бюджет қаражатына сай ескі қоршаулардың орнына заман талабына сай қоршаулар орнататын боламыз. Ал, жол белгілерін орнату әкімдіктің қарауына жатпайды. Ол үшін әкімдік мамандары Семей қаласының Полиция басқармасының мамандарымен бірлесіп тексеріс жұмыстарын жүргізуі тиіс»,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Әкімнің қабылдауында болған Татьяна есімді азаматша болса, Мәңгілік ел 10 мекенжайындағы көппәтерлі үйге сырлау жұмыстарын жүргізіп, балалар алаңқайын орнатып беруді сұрады.

Қала әкімі өз кезегінде аталған мекенжайдағы көппәтерлі үйдің қасбетіне ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін айтып, аула аумағын биыл абаттандыру мүмкін еместігін, жұмыстардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қала әкімі әр аптаның жұма күні азаматтарды тұрақты түрде жеке мәселелері бойынша қабылдайды. 7 қазаннан бастап қала әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауында 390-нан астам адам болған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button