ҚоғамСемейТОП

Жол бойындағы би

Семейде жол бойында би билеген әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел басқару орталығының «102» арнасына, Шәкәрім даңғылы бойында жол көлік қозғалысына кедергі келтіріп жүрген әйел туралы хабарлама келіп түскен. Аталған мекенжай бойына патрульдік полиция экипажы жіберілді. 40 жастағы әйелге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.

«Қосымша тергеу үшін ол жергілікті учаскелік полиция бөліміне жеткізілді, содан кейін медициналық мекемеге жіберілді», – деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бастап Семейде жол ережесін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button