СемейТОП

Семейде ер адам өз-өзіне қол жұмсаған

13 мамырда Семейдегі жаңа аспалы көпірдің астынан белгісіз ер адамның мәйіт табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын анықтады. Ол 10 сәуір күні із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. Тексеру барысында ер адам өз-өзіне қол жұмсағаны анықталды.

 

– Семей қалалық ПБ Затон полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 105 – бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Semey News.

Осы айдарда

Back to top button