Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде қала көшелерінен қарды шығару және суды сору жұмыстары жалғасуда

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша қала көшелеріндегі еріген су күшейтілген режимде сорылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қала көшелеріндегі суларды соруға 10 вакуумдық ассенизатор машинасы, сегіз жылжымалы мотопомпалар және цистерналары бар 12 автомашина тартылды.
“Сондай-ақ, дренажды-нөсерлі кәріздердің су қабылдау құдықтарын тазартуға тұнбаларды сору және каналды жуу техникасы тартылған. Қазіргі уақытта 14 мың текше метрден астам еріген су сорылды”, – делінген қалалық әкімдіктің ресми хабарламасында.
Қала көшелерінен қар шығару жұмыстары жалғасуда. Мұнда 60 техника жұмылдырылған.
Қыстың басынан бастап қала аумағынан 465 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Фото: бейнероликтен скриншот.
Semeynews.kz