Абай облысыҚоғамСемейТОПЭкономика

2022 жылы KAZ Minerals тобы 380 мың тонна мыс өндірді

2022 жылы KAZ Minerals Тобы 380 мың тонна мыс өндіріп, өткен жылғы көрсеткіштен 27% асып түсті (2021: 299 мың тонна). Бұл өсімге Ақтоғайдағы екінші сульфидті фабрикада әлемдік стандарттарға сәйкес өндірістің ұлғаюы, сондай-ақ, бірінші сульфидті фабрикадағы өндіріс көлемінің артуы айтарлықтай әсер етті.

Бұл ретте төртінші тоқсанда мыс өндірісі 10% азайып, 98 мың тоннаға дейін (2022 жылғы 3-тоқсан: 102 мың тонна) азайды. Оған Ақтоғайдың бірінші сульфидті фабрикасы мен Бозшакөлдің сульфидті фабрикасындағы техникалық қызмет көрсету әсер етті.

Алтын өндірісі 171 мың унцияға жетті және өткен жылмен салыстырғанда 2% өсті (2021: 167 мың унция). Бұған Бозшакөлде бөліп алу коэффициентінің жоғары болуы және алтынның мөлшері көп кенді өңдеу себеп болды.

2022 жылы мысты сату оның өндірісінен асып түсті, бұл дайын өнімнің жинақталған қорларының ішінара пайдаланылуына байланысты. Бұл қорлар биыл толық сатылады деп жоспарланған.

Ақтоғай

2022 жылы Ақтоғайда 69,5 млн тонна кен өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17% жоғары (2021: 54,9 млн тонна): оксидті кен – 15,4 млн тонна, 2021 жылғы 20,7 млн тоннамен салыстырғанда 26% төмен. Сульфидті кенді өндіру 58% өсіп, 32,6 млн тонна жетті. Сульфидті кенді өндіру екі байыту фабрикасының өнімділігінен асып түсті, бұл қорлардың өсуіне ықпал етті.

Төртінші тоқсанда сульфидті кеннен мыс өндіру 54,2 мың тоннаны құрады, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 4% аз (2022 жылғы 3-тоқсан: 56,6 мың тонна). Өйкені қайта өңделетін кендегі мыс мөлшері күткеніміздей 0,49% көрсеткішіне дейін төмендеді (2022 жылғы 3-тоқсан: 0,50%) және бөліп алу коэффициенті 85,9% көрсеткішіне дейін төмендеді (2022 жылғы 3-тоқсан: 90,7%).

Оксидті кеннен катодты мыс өндірісі төртінші тоқсанда 21% төментеп, 5,5 мың тоннаны құрады (2022 жылғы 3-тоқсан: 7,0 мың тонна), өйткені тоқсан бойы үймелі сілтісіздендіру алаңдарына кен азырақ жеткізілді.

Сөйтіп, былтыр Ақтоғайда мыстың жалпы өндірісі 64% артып, 227,5 мың тоннаға жетті (2021: 138,4 мың тонна). Екінші сульфидті фабрикада өндірісті ұлғайту 90,9 мың тоннаға дейін жетті (2021: 4,6 мың тонна). Бірінші сульфидті фабрикада мыс өндірісі – 112,5 мың тоннаны құрады. 2022 жылы Ақтоғайда бірқатар өндірістік жаңашылдықтар енгізілді, бұл бірінші сульфидті фабриканың өткізу қабілетін жобалық қуатынан 12% арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте бөліп алу коэффициентінің артуы қайта өңделген кендегі мыс мөлшерінің 0,48% дейін төмендеуін өтеді (2021: 0,52%).

Төртінші тоқсанда күміс өндірісі 281 мың унцияға дейін төмендеді (2022 жылғы 3 тоқсан: 321 мың унция). Оған екі фабрикадағы өңделген шикізаттағы метал мөлшерінің және күмісті алу коэффициентінің төмендеуі әсер етті. Күміс өндірісінің жылдық көлемі 90% артып, 1,1 млн унцияға (2021: 594 мың унция) дейін жетті, бұл жыл бойындағы күміс мөлшерінің жоғары болуына және екінші сульфидті фабриканы іске қосуға байланысты болды.

Концентраттағы молибден өндірісі 580 тонна құрады, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 31% жоғары болды (2022 жылғы 3-тоқсан: 444 тонна). Ол тоқсан бойы молибден флотациясы желісіндегі операциялық көрсеткіштерді жақсартудың арқасында мүмкін болды. Жылдық көрсеткіштерге сүйенсек, концентраттағы молибден өндірісі 2005 тоннаға дейін өсті, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 158% артық (2021: 776 тонна). Бұған бірінші сульфидті фабрикадағы молибден желісіндегі өнімділіктің артуы, сондай-ақ, екінші сульфидті фабриканың іске қосылғаннан кейінгі өндірісінің ұлғаюы ықпал етті.

Бозшакөл

2022 жылдың төртінші тоқсанында Бозшакөлде 8,7 млн тонна кен өндірілді, бұл алдыңғы тоқсандағы көрсеткіштен 21% жоғары (2022 жылғы 3-тоқсан: 7,2 млн тонна), өйткені сульфидті кенді болашақта өндіру үшін учаскелерді ашу үшін қосымша каолин кені өндірілді.

Қайта өңделген кен көлемі, керісінше, 6% азайып, 7,9 млн тоннаны (2022 жылғы 3-тоқсан: 8,4 млн тонна) құрады және өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (2021 жылғы 4-тоқсан: 8,8 млн тонна) 10% азайды. Негізінен бұл 2023 жылдың қаңтарынан 2022 жылғы желтоқсанға ауыстырылған сульфидті фабрикада жүргізілген техникалық қызмет көрсету жұмыстарының нәтижесі.

Мыс өндіру көлемі 8% , яғни, 24,2 мың тоннаға дейін азайды (2022 жылғы 3-тоқсан: 26,3 мың тонна). Жыл бойында бұл көрсеткіш 5% төмендеп, 102,1 мың тоннаны құрады (2021: 107,5 мың тонна). Көрсеткіштердің төмендеуі негізінен кендегі мыстың орташа мөлшерінің 0,43% дейін төмендеуіне байланысты болды (2021: 0,46%).

2022 жылдың төртінші тоқсанында алтын өндірісі 27,7 мың унцияны құрады, бұл алдыңғы тоқсанмен (2022 жылғы 3-тоқсан: 30,8 мың унция) салыстырғанда 10% төмен. Оған каолин кенін байыту фабрикасында кенді қайта өңдеу көлемінің азаюы және құрамында алтыны аз шикізатты қайта өңдеу себеп.

Бір жыл ішінде, керісінше, қайта өңделетін кендегі метал үлесінің жоғары болуына және бөліп алу коэффициентінің жоғарылауына байланысты алтын өндіру көлемі 5% өсімді көрсетті – 119,1 мың унция (2021: 112,9 мың унция).

2022 жылдың төртінші тоқсанында күміс өндірісі 181 мың унцияға дейін төмендеді, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 13%-ға аз (2022 жылғы 3-тоқсан: 209 мың унция). Бұл кен құрамының өзгеруі нәтижесінде күмісті бөліп алудың орташа коэффициентінің 65%-дан 58%-ға дейін төмендеуіне байланысты.

Жылдық мәнге көз жүгіртсек, күміс өндірісі өткен жылдың деңгейіне сәйкес келді – 737 мың унция (2022: 732 мың унция).

Шығыс өңір мен Бозымшақ

2022 жылдың төртінші тоқсанында Шығыстүстімет кәсіпорындары мен Бозымшақ кенішінде 1,1 млн тонна кен өндірілді, бұл алдыңғы кезеңнен 29% көп (2022 жылдың 3-тоқсаны: 891 мың тонна). Бозымшақта жергілікті көшкінге байланысты 2-тоқсанда өндіріс көлемі азайғандықтан, жыл бойындағы өндіріс жоспарын орындау үшін көп көлемде кен өндірілді.

2022 жылдың төртінші тоқсанында мыс өндірісі 14% артып, 13,8 мың тоннаға дейін жетті (2022 жылғы 3 тоқсан: 12,1 мың тонна), оған құрамында металл мөлшері жоғары кенді қайта өңдеу және шығыс өңірдегі кен байыту фабрикалары өнімділігінің артуы ықпал етті.

Мыс өндіру көлемі 2022 жылы – 50,1 мың тонна (2021: 52,8 мың тонна), 5% азаю – өңделген кендегі мыстың орташа мөлшерінің күтілгендей төмендеуінің салдары.

2022 жылдың төртінші тоқсанында алтын өндірісі 14,4 мың унцияны құрады, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 6% жоғары (2022 жылғы 3-тоқсан: 13,6 мың унция).

Жыл бойында 51,9 мың унция алтын өндірілді, бұл өткен жылға қарағанда 4% аз (2021: 53,8 мың унция), өйткені шығыстағы өндірістің жоғары көлемі Бозымшақтағы өндірістің азаюын өтеді.

2022 жылдың төртінші тоқсанында күміс өндірісі – 588 мың унцияны құрап, 29% өсім көрсетті (2022 жылдың 3-тоқсаны: 456 мың унция). Шығыс өңірде де, Бозымшақта да өңделген кендегі металдың мөлшері жоғары болды.

Жалпы 2022 жылы 1,9 миллион унция күміс өндірілді, бұл өткен жылғы деңгейден 9% төмен (2021: 2,1 млн унция).

Шығыс өңірде өнімділіктің артуы мен қайта өңделген кендегі метал үлесінің жақсаруы арқасында төртінші тоқсанда Шығыстүстімет және Бозымшақ кәсіпорындары 17,6 мың тонна концентраттағы мырыш өндірді (2022 жылғы 3-тоқсан: 10,2 мың тонна).

2022 жылы 47,0 мың тонна концентраттағы мырыш өндірілді. Бұл көлем Николаев байыту фабрикасында өндірістің ұлғаюы есебінен өткен жылмен салыстырғанда 1% ұлғайды (2021: 46,5 мың тонна). Аталған өсім кен құрамының төмендеуіне байланысты Орлов байыту фабрикасындағы өндірістің төмендеуін өтеді.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам: “2022 жылы KAZ Minerals өз тарихындағы мыс өндірісінің ең үлкен көлеміне жетті – 380 мың тонна. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 27% артық. Жыл бойы Топ рекордтық кен көлемін өңдеді, бұған Ақтоғайдағы сульфидті байыту фабрикасының қуатын алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес ұлғайту және Топтың басқа өндірістік алаңдарындағы тамаша өндірістік көрсеткіштер ықпал етті”.

KAZ Minerals Тобының өндірісіне қысқаша шолу

    2022

12 ай

2021

12 ай

  2022

4-тоқ.

2022

3-тоқ.

2021

4-тоқ.

Мыс өндіру1 мың тонна  379,7  298,7    97,8  102,0 74,8
Ақтоғай мың тонна  227,5  138,4    59,7  63,6 36,1
Бозшакөл мың тонна  102,1  107,5    24,2  26,3 25,9
Шығыс өңір мен Бозымшақ мың тонна  50,1  52,8    13,9  12,1 12,8
Алтын өндіру2 мың унция  171,0  166,8    42,1  44,4 40,6
Күміс өндіру2 мың унция  3 768  3 417    1 050  986 904
Концентраттағы мырыш мың тонна  47,0  46,5    17,6  10,2 12,4
  • Концентраттағы ақысы төленетін металл және Ақтоғайдағы оксидті кеннен өндірілген катодты мыс
  • Концентраттағы ақысы төленетін металл

Анықтама:

КAZ Minerals Limited (бұдан әрі – KAZ Minerals немесе Топ) – Қазақстанда заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Топ операциялық іс-қызметін Абай облысында орналасқан Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық кеніштерде, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарындағы үш кеніш пен кен байыту фабрикаларында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді. Топ 2019 жылы сатып алынған Баимская мыс жобасының банктік техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді аяқтады. Ресейдегі Баимская лицензиялы алаңының аумағында орналасқан Песчанка кен орнының ресурстары JORC кодексіне сәйкес бағаланып, кендегі мөлшері 0,39% болатын 10,4 млн тонна мысты және үлесі 0,21 г/т болатын 17,5 млн унция алтынды құрайды. 2022 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 380 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 47 мың тонна концентраттағы мырыш, 171 мың унция алтын мен 3,8 млн унция күміс өндірілді.

Топтың негізгі өндірістік кәсіпорындары – Ақтоғай мен Бозшакөл – саладағы алдыңғы қатарлы даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырды. Сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын екі есе арттыратын Ақтоғайды кеңейту жобасы 2021 жылдың қазан айында іске қосылып, желтоқсан айында тұтынушыларға алғашқы өнім жеткізілді.

KAZ Minerals-та Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде шамамен 14 000 адам жұмыс істейді.

 Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button