Семейде әйелдер мерекесіне орай сатып алынған 12 автобустың 5-і желіге шықты
Әйелдер мерекесіне орай сатып алынған 12 автобустың 5-і желіге шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық көліктің жетіспеушілігі біздің қаламыздың өзекті мәселесі екені белгілі. Бұған дейін қалалық әкімдік тасымалдаушыларға қоғамдық көліктердің санын көбейтуді тапсырған болатын. Өткен аптада “Таксомоторлы парк” ЖШС 12 жолаушылар автобусын сатып алып, Алматыдан Семей қаласына жеткізген болатын.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Медет Алтаев жыл соңына дейін тасымалдаушылар шағын және орта деңгейдегі тағы бірнеше автобус сатып алатынын айтты. Сондай-ақ, “Д” санаты бар жүргізушілерді жұмысқа тарту бойынша түрлі іс-шаралар жүргізілуде.
25 орындық және 50 жолаушы сыйымдылығы бар 12 автобус №1 және №36 маршруттарда жүреді.
Халықаралық әйелдер күніне орай бүгін желіге 12 автобустың 5-і шықты. Сыйлық ретінде бұл автобустарда (№36 маршрут) нәзік жындарға тегін жол жүруді ұсынады.
Қалған 7 автобус қажетті тіркеу рәсімдері аяқталғаннан кейін 15 наурызға қарай желіге шығады.
Semeynews.kz