Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Қазақстанда алғаш рет жанкүйер картасының жаңа форматы пайда болды

Жанкүйер картасы «Елімай» ФК матчтарына тегін бару үшін абонемент ретінде қызмет етеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оны кәдімгі төлем картасы ретінде пайдалануға, онымен дүкендерде, дәріханаларда, фитнес-клубтарда және т.б. төлеуге болады.

Сонымен қатар, жаңа карта пайдаланушыларға серіктестік желілерде жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді. Банк картаны еліміздің барлық тұрғындары пайдалана алатындай етіп бүкіл Қазақстан бойынша серіктестік желісін дамытуды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, бұл «Елімай» ФК мен JUSAN BANK-тың бірлескен бірегей серіктестік бағдарламасы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button