Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Абай облысының әкімі әйелдер қауымын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облысымыздың барлық аумағында түрлі салада қызмет етіп, өз ісінің нағыз кәсіби маманы атанған белсенді әйелдер қауымын жеке құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Нұрлан Ұранхаев әйелдердің отбасының ұйытқысы болып қана қомай, бүгінгі күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларда белсенді азаматтық ұстаным танытып жүргенін атап өтіп, барша әйелдер қауымын Абай облысының ер азаматтары атынан келе жатқан шуақты мерекемен құттықтады.

Салтанатты шара облыстық филармония әртістерінің мерекелік концертімен аяқталды.

Сондай-ақ өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Абай атындағы театрда Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» мерекелік шараға қатысып, Абай облысының ҰОС ардагерлерін, зиялы қауым өкілдерін, құқық қорғау, әскери кызмет, білім беру, медицина, мәдениет, спорт, халыққа қызмет көрсету, бизнес салаларында еңбек етіп жүрген нәзік жандылар мен көпбалалы аналарды, жастарды, БАҚ өкілдерін, әлеуметтік қорғау ұйымдарының өкілдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, олардың жеке өмірде де, кәсіби қызмет аясында да қосып отырған өлшеусіз үлесін атап өтіп, ізгі тілектерін білдірді.

  • Бүгінде, әйелдер қауымы, қоғамның барлық саласында, белсенді, беделді, бағалы!
    Сіздер, Абай елін қайта түлетіп, қасиетті Семейімізге сән беріп, өңір дамуына, зор үлес қосып келесіздер.
    Қоғамның қозғаушы күші болумен қатар, ұрпақ өрісін кеңейтіп, еліміздің еңсе тіктеп, дамыған елдер қатарына қосылу жолында да, қазақстандық әйелдің, орны ерекше!
    Бойларыңыздағы, ақыл мен парасат, махаббат пен ізгілік, төзім мен сезім, бізге, әркез, сенім мен жігер береді.
    Қос қолымен бесік пен әлемді тербеткен асыл аналар, әрқашан, ел ертеңі мен тіршілікке нәр беретін, айрықша күш пен қасиетке ие болады деп сенемін.
    Әрқашан, көктемдей күлімдеп, жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер, – деді құттықтау сөзінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Мерекелік концертте “Voice” квартеті мен «Астана балет» театрының әртістері Анар Дукиева, Досан Шакиров және басқалар өнер көрсетті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button