Семейде әскери қызметшілердің балалары арасында байқау өтті

Гарнизондық jфицерлер үйінде 54770 әскери бөлімінің жеке құрамы 6 жастан 8 жасқа дейінгі әскери қызметшілердің балалары арасында “Көктем аруы – 2023” байқауын өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Байқау бес кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін қазылар алқасына таныстырып, өздері туралы айтып берді. Екінші кезеңде жас қатысушылар өздерінің таланттарын көрсетті. Үшінші кезең сән көрсетілімі өтті – әр түрлі киімдегі сайыскерлер сахнадан өтті. Қатысушылар үшін төртінші кезең викторина болды.
Байқаудың соңғы кезеңінде қыздар аспаздық қабілеттерін көрсетіп, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындады.
– “Көктем аруы – 2023” байқауы өте қарқынды өтті, өйткені әрбір қатысушы 100 пайыз өздерін көрсетті, тіпті қазылар алқасына қатысушылардың әрқайсысына дауыс беру қиынға түсті, – деп атап өтті байқаудың қазылар алқасының өкілі Әйгерім Ембергенова.
Өткізілген байқау қорытындысы бойынша барлық оқушыларға құттықтау грамоталары табысталды, ал “Көктем аруы – 2023” Айзере Тыныбай болып танылды.
Semeynews.kz