Covid-19СемейТОП

Семейде “Ashyq”қосымшасы енгізілуде

Қосымша QR-кодтың көмегімен және ПТР жалпы базасымен интеграциялау арқылы келушінің жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, кәсіпкерлер келушілер мен қызметкерлерді вирус жұқтыру қаупінен сақтай алады, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО “Шығыс ақпарат” ақпараттық орталығының хабарлауынша, жоба карантиндік шектеулер кезеңінде  бизнес қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері айтып берді.
– Келушілердің мәртебесін тексеру, ең алдымен, келушілердің жеке қауіпсіздігіне бағытталған. Ashyq-пен жұмыс істеу арқылы вирус жұқтыру қаупі  әлдеқайда азаяды.  Сондай-ақ, жобаға қатысушы кәсіпкерлер басқа бизнес субъектілерімен салыстырғанда жұмыс кестесі бойынша жеңілдіктер алады. Өйткені қосымша,вирус жұқтырған азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді. “Ashyq” жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR – код немесе ЖСН арқылы тексереді, – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Семей қалалық филиалының директоры Әлия Жүрсімбаева.

QR код субъектінің атауы, оның орналасқан жері және сәйкестендіру деректері көрсетілген бизнес субъектісінің электрондық сәйкестендіргіші болып табылады. 1 объектіге кіру және шығу үшін кемінде екі QR-код беріледі. Егер мекемеде бірнеше кіріс болса, онда әр кіру үшін жеке QR коды жасалады.
– “Жасыл” мәртебе келушінің дерекқорда covid-19 теріс нәтижесімен ПТР-тестілеуден өткен немесе екі компоненттен вакцинацияланғанын білдіреді. “Көк” мәртебесі адамда ПТР-тестілеу нәтижесінің жоқтығын білдіреді. “Сары” мәртебе-деректер базасында covid-19 науқаспен байланыс болғанын көрсетсе,  ал “Қызыл” статус-covid-19 – ға ПТР – тестілеудің оң нәтижесімен базада тіркеліп, “жұқтырғанын” білдіреді, – дейді Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Мұсатаева.
Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің мәртебесін ЖСН бойынша ақпараттық жүйеде оның келісімімен тексереді. Мәртебе “Птр-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы” және “ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы”ақпараттық жүйелерімен салыстыру негізінде беріледі.
Айта кетейік, бүгінде Семейде жобаға қатысу үшін 144 кәсіпкер өтінім берген.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button