Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде көктайғақ салдарынан 300-ге жуық адам жарақат алды

Наурыз айының басынан бастап көшеде жарақат алған 270-тен астам адам травматологияға жүгінді. Бұл туралы Semey.ainasy тілшісіне Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматологы Дәурен Дүйсенбаев айтып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“1-5 наурыз аралығында көше жарақаттарына байланысты 270-тен астам адам жүгінді. Мысалы, 4 наурызда біз 54 науқасты қабылдадық, оның 40-ы көктайғақтан жарақат алды. 5 наурызда 64 науқас қабылданды, оның 45 – і көктайғаққа байланысты өтініш жасады”, – дейді травматолог.
Дәрігерлер азаматтарды көктайғақта көшеде сақ болуға, сондай-ақ қажеттігінсізкөшеге шықпауға шақырады.
Semeynews.kz