Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП

Семейліктердің игілігі үшін

№13 бір мандатты сайлау округі бойынша Семей қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Дәурен Нұралинов өзінің сайлауалды бағдарламасында қала тұрғындарының игілігі үшін ескірген әлеуметтік мәселелерді шешуге ниетті.

Дәурен Нұралинов 1993 жылы 19 қазанда Аягөз қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы Приречное ауылында өтті, ол жерде ол дзюдо секциясында жаттығып бастады және содан кейін Астанадағы дарынды балаларға арналған спорт мектебіне қабылданды. 2013 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды. Содан бері ол бірнеше рет елдің басты біріншіліктері мен беделді халықаралық турнирлерінің жеңімпазы атанды.

Алты жыл бойы дзюдо және күрес бойынша ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі болды. Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында жоғары білім алған. “Жаттықтырушы-оқытушы” мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне иегері. 2019 жылы Алматы қаласында өткен “Халық Барысы” турнирінде жеңіске жетті. Ал екі жылдан кейін “Қазақстан барысы”атағының иегері атанды. Жүлде ретінде 25 миллион теңге алды. Ақшаның бір бөлігін Приречное ауылында спорт мектебін құруға жұмсады. Ескі ғимаратты жөндеп, спорт залға жұмсап, қажеттінің бәрімен жабдықтады. Үздік жаттықтырушыны қаладан әкеліп, оған үй сатып алып берді. Мектепті қаржыландыру, оның ішінде жаттықтырушының жалақысы және жарысқа шығу оның есебінен жүзеге асырылуда. Үйірмеге қатысушы 40 бала тегін жаттығады. Мәслихат депутаты болғаннан кейін, кандидат семейліктердің көкейкесті проблемаларын шешумен ғана емес, сонымен қатар қалада үлкен спортты дамытумен де айналысуды жоспарлап отыр.

Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлем аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Semeynews.ks

Осы айдарда

Back to top button