Абай облысыБілімҚоғамСемейТОП
6 наурызда Абай облысының оқушылары қашықтықтан оқиды
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Абай облысының бірқатар қалалары мен аудандарының оқушылары қашықтық форматына ауыстырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«6 наурызда Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты Семей, Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Абай аудандарында 1 және 2-ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады.
Қалған аудандарда мектептер штаттық режимде оқиды.
Сондай-ақ Семей қаласындағы колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ онлайн форматқа аустырылды», – делінген хабарламада.
Semeynews.kz