Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП
Абай облыстық мәслихатына депутаттыққа кандидат А.Чакенов белсенді зейнеткерлерімен кездесті
№ 2 сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихатына депутаттыққа кандидат Асхат Чакенов Семей қаласының белсенді зейнеткерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кездесу аясында кандидат азаматтардың өтініштерін қабылдап, өзекті проблемалар туралы білді, сондай-ақ мәселелерді шешудің векторларын анықтады.
Асхат Чакенов өзінің сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарының бірі Абай облысы халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту екенін еске салды. Кездесуде үміткер азаматтар мен олардың отбасыларының өмір сүру деңгейін арттыруға тағы да уәде берді.
№2 бір мандатты сайлау округі бойынша “AMANAT” партиясынан Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат А.Чакеновтың сайлау қорынан төленді.
Semeynews.kz