Абай облыстық мәслихатына депутаттыққа кандидат Асхат Чакенов сайлаушылармен кездесті

№ 2 сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихатына депутаттыққа кандидат Асхат Чакенов әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, қызмет алушылармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кандидат атап өткендей, оның сайлауалды бағдарласындағы бірінші бағыт – жаңадан құрылған Абай облысы халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады. Асхат Чакенов азаматтар мен олардың отбасыларының өмір сүру деңгейін көтеруге уәде береді.
“Бекерге айтпаған ғой: “Жас-қызметке, қарт-кеңеске”, – деп. Мен сайлауалды бағдарламам туралы сөйлесуге келдім және тек қолдау ғана емес, сонымен қатар құнды кеңестер алдым. Мен үшін Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат болу үлкен мәртебе және жауапкершілік! Өйткені, депутаттың негізгі міндеті-тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту”, – деді кандидат.
Асхат Чакенов “Жаңа Қазақстан” жолында Абай облысының проблемалық мәселелерін шешуге жәрдемдесуге ниетті.
№2 бір мандатты сайлау округі бойынша “AMANAT” партиясынан Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат А.Чакеновтың сайлау қорынан төленді.
Semeynews.kz