Абай облысыҚазақстанҚоғамСемейТОП

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Мәскеуде ресейлік бизнес өкілдерімен кездесті

Бас қосу Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің көмегімен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесуге «FESCO», АҚК «Система», «Интер РАО – Экспорт», «Мираторг», АО «Башкирская содовая компания», «Росспецмаш» қауымдастығы, ООО «WILDBERRIES», ООО «ФосАгро-Регион», АҚ «Апатит» сынды ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында «Башкирская содовая компания» АҚ, «Система» АҚК, «WILDBERRIES» компанияларының өкілдерімен Абай облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Ал Абай облысының транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту мәселесі, атап айтқанда, Аягөз-Бақты теміржол желісінің бойындағы құрылыс аймағында контейнерлік терминалдар мен құрғақ портты салуға және басқаруға Fesco компаниясының қатысуы талқыланды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелері қант өндіру, өсімдік шаруашылығы және май өндірісімен айналысатын «Русагро», минералды тыңайтқыштарымен және тиісті агротехникалық қызметтермен айналысатын «ФосАгро» және ет өнімдерін өндірумен, селекциямен және өсімдік шаруашылығымен айналысатын «Мираторг» сынды компаниялардың өкілдерімен талқыланды.

Энергетикалық жабдықтарды және машина жасауды жеткізу, соның ішінде энергетикалық объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеумен айналысатын «Интер РАО Экспорт» компаниясы Семей қаласында ЖЭО-3 жобасын жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button