Өзара тиімді жобалар: Абай облысының делегациясы Красноярскіде кездесулер өткізді
Красноярск экономикалық форумы барысында Абай облысы мен Ақмола облысы делегациялары Орталық Сібір сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесті. Тараптар экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселесін, соның ішінде Красноярскіден Абай облысына балық өнімдерін жеткізуді, облыста ресейлік кәсіпорындардың өкілдіктерін ашу мүмкіндігін, тауарларды тікелей сатуды және басқа да мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Мәселен, Красноярск өлкесінде өндірілген қасбеттік бұйымдардың инновациялық өнімі Абай облысына темір жол арқылы тікелей жеткізілуі мүмкін. Аймақтағы құрылыс қарқынын ескерсек, бұл екі жаққа да тиімді болады.
Бұған қоса, делегация қатысушылары туристік саланың дамуын талқылады. Қазақстандық туроператорлар Красноярск өлкесінің ең көрікті жеріне, ал ресейлік туроператорлардың Қазақстанға сапар ұйымдастыра алатыны аталды. Бұл ретте, турларды делдалсыз тікелей брондау бағаны айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Абай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов, ӘКК басшысы Әсет Сүлейменов Красноярск өлкесінің экономика және өңірлік даму министрі Анна Гарнецпен кездесті.
Кездесу барысында біздің өңірдің ынтымақтастығының жол картасын құру талқыланды. Тараптар өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылады, жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру тәжірибесін бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша Красноярск өлкесінің делегациясы Абай облысына жұмыс сапармен келетін болды.
Semeynews.kz