Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамСемейТОП
Абай облысы тұрғынынан қару тәркіленді
Абай облысы Бородулиха ауданы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бородулиха ауданының аумағында “Қару”, “Браконьер” ЖПіШ өткізілу барысында, Бородулиха АПБ КПБ қызметкерлеріне Бель-Агач ауылының тұрғыны өзінің моншасында қаруды заңсыз сақтайды деген жедел ақпарат түскен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, аталған азаматқа тиесілі 16 калибрлі, «ИЖ-17» маркалы бір ауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығы анықталып, тәркіленген. Маманның сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген қару атуға жарамды.
Тұрғынға ҚР ӘҚБтК 482 бабының 1 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып Бородулиха аудандық сотына шешім қабылдау үшін жолданды.
Semeynews.kz