Қаланың санитарлық тазалығы туралы
Облыс орталығының көшелерінде техникалар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жеке секторда қар шығару бірінші кезекте су тасқыны қауіпі бар аймақтарда жүзеге асырылуда. Олар: Кирпичный, Казкрай,Сроства, Затон, Дальняя, Таткрай және Шығыс кенті.
Қазіргі уақытта қала көшелерін судан тазартуға 10 бірлік вакуумдық ассенизатор машиналары,4 бірлік жылжымалы мотопомпалар және цистерналары бар 6 бірлік авотмашиналар тартылған.
Бүгін Семейде арнайы техникамен 9000 м3 астам суды қала сыртына шығару жұмыстары жүргізілді. Қыс маусымы басталғалы қар полигонына 450 мың текше метр қар шығарылды.
❗️ Көп қабатты үйлердің аулаларының жағдайына үйге қызмет көрсететін ұйымдар: КСК (ПИК), кондоминиум, басқарушы компаниялар үйлердегі пәтерлер иелерімен бірге жауапты екенін еске саламыз.