Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті

Семейде 62 жастағы жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД мәліметіне сүйенсек, 28 ақпанда 49 жастағы КамАЗ жүк көлігінің жүргізуші Бозтаев көшесіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарына байланысты жаяу жүргінші Семей қаласындағы ауруханаға жатқызылды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
Semeynews.kz