Мирас Малғаждаров Абай облысы футбол федерациясының бас хатшысы болды

Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында Самат Смақов жазды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Достар, біздің пікірлес және тату командамызда толықтыру. Танысып қойыңыздар: Мирас Малғаждаров -Абай облысы футбол федерациясының бас хатшысы құрметті және жауапты лауазымын атқарады. Мирас-біздің жерлесіміз, облысымыздың бір ауданының тумасы, яғни ол өзінің тарихи отанындағы футбол тағдырына мән береді. Сонымен қатар, Мирас – ең жоғары деңгейдегі маман. Өздеріңіз бағалаңыздар!”.
Мирас Малғаждаров әр жылдары облыс деңгейіндегі жастар бастамалары мәселелерімен тікелей байланысты лауазымдарда жұмыс атқөарды, ал жастарды тарту – біздің клубтың негізгі міндеттерінің бірі.
“Мирас қажетті практикалық тәжірибе жинады және білікті маман ретінде өтті. Оның кәсіби саладағы жетістіктері назардан тыс қалмады: қазіргі уақытта Мирас “Abay Media Group” холдингінің негізін қалаушы және директоры болып табылады — клубтың желідегі ресми парақшаларынан көретін барлық үздік медиа-контент – Мирас пен оның командасының қажырлы еңбегінің нәтижесі. Қош келдің, Мирас. Іске сәттілік!”,- деп жазды біздің атақты жерлесіміз.
Semeynews.kz