Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП

Семейде Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі-семинар кеңес өтті

Семейдегі Абай атындағы кітапханада ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сабила Мұстафинаның қатысуымен ҚР Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауға дайындық және өткізу мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараға жергілікті атқарушы органдардың, облыстық прокуратураның өкілдері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау заңнамасындағы өзгерістер, 29 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын қаржыландыру, сондай-ақ ұлттық және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Абай облысы бойынша бүгінде барлығы 478 сайлау учаскесі, 15 бір мандатты округ құрылды.

  • Облыс аумағындағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Оларды тиісті материалдық-техникалық жарақтандыру, сондай-ақ мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Қазір үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда,- деді К.Петров.

Бүгінде облыста жабық учаскелерден басқа барлық учаскелерде мүгедектер арбасына арналған кабиналар, компьютерлермен және құлаққаптармен жабдықталған бұрыштар бар.

Көшпелі семинардың екінші бөлігінде аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары үшін кейстік технология негізінде іскерлік ойын нысанында тренингтер өтті.

Іскерлік ойын барысында аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері дауыс беру күнгі сайлау комиссияларының жұмысын көрсете отырып, учаскедегі дауыс беру беру процесінің үлігісін көрсетті.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қатысуышлардың қойған барлық сауалдарына жауап берді.

Айта кетейік, алдағы сайлауда тұрғындар 5 бюллетень бойынша дауыс береді – партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депуттарын, партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша облыстық мәслихат депуттарын, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын таңдайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button