Абай облысыДенсаулықМӘМССемейТОП

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қазақстандықтардың миллион теңге беретіні рас па?

Қазақстанда халықтың 82,5 пайызы сақтандырылған. 11,7 миллион азаматтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мемлекет есебінен ұсталады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу кезінде салық салынатын ең жоғары табыс – бұл 10 ең төменгі жалақы, яғни 2023 жылға 700 000 теңгені құрайды. Жұмысшының жалақысы миллион теңгеден асса да, 700 000 теңге мөлшерінде ғана салық салынады. Демек, айына ең жоғары жарна 14 000 теңге, жылына 168 000 теңге болады.

Егер қызметкердің жеке кәсіпкері болса (жеке кәсіпкерлер басқа жұмыс орнында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлеп тұрса да, жарна төлеуге міндетті), онда бір жылдағы жарналардың мөлшері:

4 900 теңге (1,4 ең төменгі жалақының 5 % – ы) х 12 ай = 58 800 теңге.

Осылайша, бұл қызметкер үшін жұмыс орнынан және жеке кәсіпкерлермен қосымша жарна сомасы мүмкін болатын ең жоғары 226 800 теңге болады.
Қалған санаттағы тұлғалар белгіленген сомаларды аударады. Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар БЖТ төлейді.

БЖТ мөлшері бір айлық есептік көрсеткіштің мәніне тең және 2023 жылға 3450 теңгені құрайды. Ауылдар мен аудандардың тұрғындары үшін БЖТ мөлшері екі есе, яғни, 1725 теңгені құрайды, бұл МӘМС аясында медициналық қызметтердің барлық спектрін алуға мүмкіндік береді.

Сіз МӘМС жүйесіне алдағы 12 айға жарна төлеу арқылы тәуелсіз төлеуші ретінде қатыса аласыз.
Тәуелсіз төлеушілер – 1 ең төменгі жалақының – 5%, яғни 3500 теңге. жылына 42 000 теңге.

Яғни, бұл сомалар пациент қажет болған жағдайда алатын емнің құнынан әлдеқайда аз. Өйткені, қарапайым операциялардың өзі бірнеше жүз мың теңгеге, ал жоғары технологиялық әдістерді қолданғанда бірнеше миллионға жетеді.

Барлық сұрақтар бойынша медициналық сақтандыру қорына тікелей Qoldau мобильді қосымшасы 24/7 немесе Call-center 1406 арқылы хабарласуға болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button