Семейде 10 көлік мен 4 сорғы суды сорғылауда

Ауа-райының күрт жылуы Семей көшелеріндегі қозғалыста жаңа проблемалар тудырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Әкімнің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала ішіндегі жағдай қала басшысының жеке бақылауында.
Көшелерді судан және қардан тазартуға қатысты келесілерді хабарланды:
– су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қала көшелерінде еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта суды соруға вакуумдық ассенизаторлық машиналардың 10 бірлігі және жылжымалы мотопомпаның 4 бірлігі тартылған. Сондай-ақ, дренажды-нөсерлі кәріздердің су қабылдау құдықтарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 400 м3-тен астам су сорылды.
Семей қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаевтың айтуынша, қаланың 30 көшесінде 500 су қабылдау құдығы орналасқан. Су тасқыны кезінде ТЖ алдын алу үшін іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Сонымен қатар, су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қар шығару жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша 2022-2023 жж.қысқы кезеңнің басынан бастап қала аумағынан 390 мың м3 астам қар шығарылды.
Semeynews.kz