Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП
Абай облысының полицейлері шаруа қожалығының иесінен заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

Абай облысының Көкентау ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарындағы 41 жастағы тұрғыннан заңсыз сақталған ТОЗ-16 бір оқтаулы мылтық пен үш патрон тәркіленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, маманның қорытындысына сәйкес, 5,6 калибрлі тәркіленген мылтық пен патрондар зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды.
Сауалнама барысында ер адам бұл мылтық 2020 жылы қайтыс болған марқұм ағасынан қалғанын түсіндірді.
ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі “Тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ – дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz