Абай облысыӘлеуметҚоғамСемейТОП

Семей қаласы әкімінің орынбасары көпбалалы 19 анаға марапат табыстады

Семей қаласы әкімі орынбасары Руслан Базарбаев көпбалалы 19 анаға алтын және күміс алқаларын салтанатты түрде табыстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2022 жылы Семей қаласында «Батыр ана» атағымен 2 202 ана марапатталған болатын. Бүгінгі таңда облыс орталығында 4 884 отбасы көпбалалы отбасы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде. Аталған отбасыларда 21 159 бала тәрбиеленуде.

“Біздің халық әрқашан отбасы құндылығын жоғары қойған. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер”,- деді Р.Базарбаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button