Абай облысыҚоғамСемейТОП

Бесқарағай ауданы әкімдігі мен “Семей Орманы” ТР екі жақты меморандумға қол қойды

“Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты” РММ-нің басшысы Байжан Мұсақанов және Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов екі жақты меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Меморандумның басты мақсаты – екі жақты қолдау көрсету арқылы кадр тапшылығы мәселесін шешу, бос орындар туралы ақпаратты беру арқылы аудан тұрғындарын «Семей орманы» резерваттарына жұмысқа ораналастыру, мемлекеттік бағдарламаларды аталған мекемеде жүзеге асыру.

Тараптар ағымдағы ынтымақтастықты оң бағалап, осы бағыттағы сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін растады.

Тараптар орман алқаптарын сақтау бағытындағы жұмыстарды бірге атқару жұмыстарын өткізуге келісті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button