Абай облысыӘлеуметҚоғамСемейТОП

Көптен күткен арман

Абай облысы бойынша ҚАЖД №23 мекемесінен төрт сотталған әйел бостандыққа шықты, олар жазасын өтеудің барлық кезеңінде өздерін оң жағынан көрсетті және Жарма ауданының соты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың ізгілікті актісін қолдану туралы оң қаулы шығарды, – деп хабарлады Semeynews.kz Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

“Мен бұл күнді алты жыл күттім, сот маған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан 6 рет бас тартты, мүмкін бұл символдық және тек жетінші әрекетте сот менің өтінішімді қанағаттандырды. Мен бас бостандығынан айыру орындарына қайта оралмас үшін бәрін жасаймын, менің анам бар қызым бар және болашаққа деген сенімім бар”- деп өз эмоциясымен бөлісті сотталған Жанна.

Ол ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды, ол бүкіл мерзімін колонияда өтеді, жаза мерзімінің аяқталуына бір қалды.

Сотталғандардың туыстарымен бірге оларды Жарма ауданының “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің” қызметкерлері қарсы алды, олар түзету орындарынан босатылған адамдарға мемлекеттік қолдау туралы айтып, әйелдерге осы бағдарламаларға қатысты ұсыныстар берді.

“Қазіргі уақытта түзеу мекемелерінен босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру әйелдер арасындағы рецидивтік қылмыс деңгейінің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады, бұған оларға бостандықтағы алғашқы күндерден бастап әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдемдесу арқылы қол жеткізіледі”, – деп түсіндірді аға инспектор әділет капитаны Қырлыбаева Әйгерім Айтқалиқызы.

Бұл іс – шара бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдарды азаматтық қоғамға бейімдеуге, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдемдесуге бағытталған. Сотталғандарды босату және оларды азаматтық қоғамға қайтару процесі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірін алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button