Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі су басу қаупі бар аудандарды аралады

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов су басу қаупі бар аудандарды аралады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тексеріс жұмыстарына әкімнің орынбасары және әкімдіктің басқа да өкілдері, сондай-ақ, Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы басшылары да қатысты.

“Семей қаласында Шығыс кенті мен «Пожарная согра» аумағы су басу ықтималдығы бар ең қауіпті аймақ болып табылады. Су тасқынына қарсы күрес шаралары аясында, Семей қаласының әкімдігі бөгеттер салу туралы шешім қабылдады. 2 күн бұрын Согра аумағында 500 метрлік бөгет тұрғызуды бастадық. Қазіргі уақытта 17 техника жұмылдырылып, полигондағы қызыл топырақтарды әкеліп бөгеттер орнатуда. Бұл шаралардың арқаасында, осы аймақтағы 40-қа жуық жер үйлерге су кірмейді. Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер өзен арналарын да тазалап жатыр. Сондай-ақ, Шығыс кентіндегі саяжайларға 700 метр болатын бөгет орнатуды жоспарлаудамыз. Тек қана Шығыс кентіндегі қар шығару жұмыстарына 3 бригада, 30 КамАЗ және 6 тиегіш жұмылдырылған”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Су тасқыны орын алуы мүмкін қауіпті учаскелерді зерттеу және су басу фактілерін азайту нәтижелері бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық жұмыстарын жүргізу, жұмыстарды бастау қажеттігі туралы бірқатар тапсырмалар берілді.

«Қала маңындағы арық-науа желілері өте ескірген, ең негізгі қиындық осы болып тұр. Семейдің су тасу қауіпі бар учаскелеріне Восточный, Восход, Жоламан, Мирный, Степной, Затон, Лодочная, Юность кенттері мен Көкентау, Мұқыр ауылдық округтері жатады»,- деп түйіндеді Нұрбол Нұрсағатов.

Қазіргі таңда, қалада 60 км арық желісі бар. 2023 жылы 3 км арық желісін салу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button