Семей қаласының әкімі Шығыс, Восход, Водный кенттерінің тұрғындарымен кездесті
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шығыс, Восход, Водный кенттерінде 2022 жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, 2023 жылы жүзеге асыруды көздеп отырған жоспарларды баяндады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жиынға барлық мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Семей қаласының облыс орталығы болуы – әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық және коммуналдық дамуына оң әсерін тигізуде.
Кент тұрғындары алдында есеп берген Нұрбол Төлегенұлы қала тұрғындарың алаңдататын ең өзекті мәселелерге де тоқталды. Көбінесе тұрғындар қоғамдық көлік, ТКШ жұмысына шағымданады және әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді. «Восточный левый» саяжайының тұрғындары элекр энергиясына төлейтін тарифтің қымбаттығына шағымданды.
”Бұл мәселені оңтайлы шешу үшін бүгінгі таңда құжаттаманы дайындау және конкурстық рәсімдерді өткізу үшін ақшалай қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізіледі”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Кездесу барысында қала әкімі көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті екенін, бәрі де ретімен жүзеге асатынын, жиында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша хаттама түзілгенін, алдағы уақытта жоспар түзіліп, ол бойынша атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланатынын түсіндіріп, жиынды қорытындылады.
Semeynews.kz