МӘМС есебінен тіс емдеу. Жедел көмек

Заманауи өмірдің ырғағы әрдайым емханада уақытында тексеруден өтуге мүмкіндік бермейді, бұл тіс ауруларының алдын алуға да қатысты.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық клиникалармен азаматтарға қызмет көрсетуге тікелей шарттар жасаса бастады.
Бұның шарттары қандай? Енді науқас мемлекеттік емханаға ғана емес, жеке емханаға да жүгіне алады.
Ең бастысы, медициналық ұйым МӘМС бағдарламасы аясында жұмыс істесе болғаны.
Қазіргі уақытта шұғыл стоматологиялық көмекті мына әлеуметтік топтар ала алады:
📍18 жасқа дейінгі балалар;
📍Жүкті әйелдер;
📍Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
📍1,2,3 топтағы мүгедектер;
📍Көп балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған;
📍Атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
📍Жасы бойынша зейнеткерлер.
Көрсетілетін медициналық қызмет түрлері:
– анестезия, химиялық өңделген композициялық материалдарды дайындау және толтыру;
– анестезиямен тіс жұлу;
– тістің рентгенографиясы;
– композициялық химиялық материалдан жасалған пломбамен аяқталған пульпитті емдеу;
– композициялық химиялық материалдан жасалған пломбамен аяқталған пародонтитті емдеу;
– стоматиттің жедел түрлерін емдеу;
– альвеолитті емдеу;
– периостотомия, абсцесстерді ашу.
Сұрақтарыңыз болса, Медициналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе Call-center 1406 арқылы хабарласуға болады.
Semeynews.kz