Семей әскери қызметшілері Ауған соғысы жауынгерінің анасына барды

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан аумағынан шығарылған күні қарсаңында 54770 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Семейдегі Рахилаш Мусинованың үйіне барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Рахилаш Жақыпқызының ұлы Нұрбек Ауғанстандағы қанды шайқаста қаза тапты. Ана жүрегі бүгінде орны толмас шығынның ащысына толы.
Батырдың тоқсан үш жастағы анасы әскери оркестрдің үнімен құттықталды. Әскери қызметшілер оған бейбіт аспан мен ұзақ өмір тіледі.
– Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету – барлық кейінгі ұрпақтың міндеті. Нұрбек Мусинов батылдық танытып, шайқаста ерлікпен қаза тапты. Сіздерге зор денсаулық тілейміз және әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді 54770 әскери бөлімінің командирі подполковник Қанат Тәңірбергенов.
Рахилаш Жақыпова Нұрбектің балалық шағы туралы естеліктерімен бөлісіп, әскери қызметшілерге қамқорлық пен көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрбек Мусинов он сегіз жасында Ауғанстандағы қанды шайқаста қаза тапқан. Көрсеткен ерлігі үшін ол қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Семей қаласының Комсомол кентіндегі көшелердің бірі батырдың есімімен аталады.
Әскери қызметшілер Рахилаш Жақыпқызына үнемі келіп тұрады, жан-жақсы көмек көрсетіп тұрады.
Semeynews.kz