Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Абай облысында өзгенің атына 4 млн теңге рәсімдеген алаяқ ұсталды

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында “Аnti-fraud” ЖПІШ өткізу барысында Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері бір адамға 4 млн теңгеден астам несие ресімдеген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 2022 жылғы 18 желтоқсанда полицияға Жарма ауданының 57 жастағы тұрғыны жүгігініп, белгісіз адам өзінің дербес деректерін пайдаланып, мобильді қосымша арқылы 4 млн теңгеден астам сомаға түрлі банктерден онлайн-кредиттер ресімдегенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында тәртіп сақшылары 32 жастағы алаяқты ұстады, өз кінәсін мойындады.

Алайда, ақша қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсап тастаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button